Ақмола облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық белгілері бар іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс жасалғаны туралы іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Әлеуметтік желілерде екі ер адам 12 жастағы қызды бірнеше рет зорлағаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ, күдіктілердің бірі бұрын полиция органдарында қызмет еткен деген дерек келтірілген.
Анасы ауылдан қалаға жұмысқа орналасу үшін көшіп келіп, бөлме жалдаған. Ал оның қыздары ауылда қалған, бірақ демалыс сайын анасымен кездесуге келіп тұрған. Пәтер иесі — күдікті, 1967 жылы туған ер адам, бұрын полиция қызметкері болған. Ол 12 жастағы жасөспірім қызбен сөйлесіп, біртіндеп оған жақындай түсіп, өте сақтықпен сеніміне кірген.Ол қызды алдап, орманға апарып, сол жерде зорлаған. Сондай-ақ, егер ол бұл туралы біреуге айтса, бүкіл қала білетінін және дәл солай оның үлкен әпкесіне де істейтінін айтып қорқытқан. 2024 жылдың жазында күдікті қызды қайта көріп қалған – ол кезде қыз базарда балмұздақ сатып жүрген. Ер адам әңгіме бастап, кейін оның телефон нөмірін сұраған. Кейіннен оған ақша беріп, бір реттік электронды темекелер (вэйптер) сатып әперіп жүрген.Зорлық-зомбылық әрекеттері бірнеше рет қайталанған. Кейін ол 1968 жылы туған көршісіне бұл қызды да «пайдалануға болады» деп айтып, соның салдарынан екінші ер адам да қызға зорлық көрсеткен. Үлкен әпкесі кездейсоқ сіңлісіне ересек ер адамның «жыныстық сипаттағы» мазмұнда хабарламалар жазып жүргенін байқап қалып, осылайша барлығы әшкереленген, – делінген жарияланымда.
Қыз тұйықталып қалған, психологқа өзін «лас» әрі кінәлі сезінетінін айтқан. Сондай-ақ, ол полицияда бір оқиғаны 15–20 рет қайталап айтуға шаршағанын жеткізген.
Хабарламада көрсетілгендей, күдіктілер істі тоқтату үшін отбасына ақша ұсынған.
Бір күдіктіге қатысты іс тоқтатылған. Ал екінші күдіктіге қатысты іс бойынша әрекеттердің бабы қайта сараланған – бастапқыда ол Қылмыстық кодекстің 122-бабы («Жыныстық қатынас немесе 16 жасқа толмаған адаммен өзге де жыныстық сипаттағы әрекеттер») бойынша қарастырылса, енді тергеу Қылмыстық кодекстің 121-1-бабы («16 жасқа толмаған тұлғаға сексуалдық сипаттағы қылықтар жасау») бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша жаза – түзету жұмыстары, айыппұл немесе 50 тәулікке дейінгі қамау. 2025 жылдың наурыз айында іс Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Алайда осы уақыттан бастап қылмыстық іс тоқтатылған. Ал екінші күдіктіге қатысты іс қылмыстық теріс қылық ретінде сараланған. Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасы адвокатымен бірге шілде айында Ақмола облысының прокурорында қабылдауда болған. Прокурор ол кезде істі міндетті түрде сотқа жеткізетініне уәде берген. Алайда Ақмола облысының Полиция департаменті бұл істі сотқа жолдамаған, тергеу процесін созып, өз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен кінәлілерді жауапкершіліктен құтқаруға тырысып жатыр, – деп мәлімдеді құқық қорғаушы.
Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Щучинск қаласының тұрғынының 15 жастағы қызына қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша жазылған арыз негізінде сотқа дейінгі тергеу барысында Бурабай ауданының полиция бөлімінде қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілді. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық істі тергеу Ақмола облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне берілді. Тергеу аясында және қосымша жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында Бурабай аудандық полиция бөлімінің бұған дейін қабылдаған процессуалдық шешімдерінің объективтілігі тексерілетін болады», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Полиция департаментінде бұл қылмыстық іс бойынша фигуранттардың құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.
«Тергеу Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қорытынды процессуалдық шешімдер прокуратурамен келісілгеннен кейін қабылданады. Полиция департаменті жалған ақпарат таратудан бас тартуды сұрайды және мұндай әрекеттер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске салады», – деп қорытындылады ведомство.
Түркістан облысында 71 жастағы зейнеткердің 15 жастағы туысына қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеу басталды. Белгілі болғандай, жасөспірім қыз одан бала туған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!