Жексенбі, 08 ақпан, 21:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10 (2222)
07.02.2026
PDF мұрағаты

Кәмелетке толмаған қызылордалық түнгі клубта азот оксиді құйылған шар сатқан

08.02.2026

51 0

Фото: Қызылорда ПД

Қызылорда қаласындағы түнгі клубтардың бірінде азот оксиді құйылған шарлардың ашық түрде сатылып жатқаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі жеткізді, – деп хабарлайды syrboyi

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратура органдарының үйлестіруімен хабарлама негізінде рейдтік іс-шара жүргізді.

— Рейд барысында түнгі клубтан 10 литрлік 4 газ баллоны және полиэтилен пакетке салынған 6 шар анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Қылмыстық кодекстің 301-бабына сәйкес (улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы) қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Клуб қызметкері кәмелет жасына толмаған екен, сондықтан оның заңды өкілдеріне қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделді, — делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істеп, барлық ойын-сауық орнында профилактикалық тексеру жүргізіп келеді.

Жуырда біз Астананың бірқатар көңіл-көтеру мекемесінде 20-дан астам азот тотығы баллоны анықталып, тәркіленгенін жазғанбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: