Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кәмелетке толмаған жасөспірім анасын қатыгездікпен өлтірген

09.10.2024

266 0

Фото: iStock

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен 56 жастағы анасын пышақтап өлтіру дерегі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Істің мән-жайын заң бойынша жария ету мүмкін болмағандықтан, жабық сот отырысында қаралды.

Үкімді шығару кезінде сотталушының кәмелетке толмағаны, мінез-құлқы, қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен жасаған қылмысының ауырлығы және шын ниетпен өкінуі ескерілді.

Сот заң талаптарын негізге ала отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: