Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Кәрі қыз» – жиіркенішті атау»: Дина Төлепберген

24.09.2024

348 0

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

Танымал журналист Дина Төлепберген тұрмыс құрмаған қыздарға қолдау білдіріп, өзінің оқиғасын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ өкілі әйелдерге арналған жаңа жобасын таныстырды. Мақсаты – қыз-келіншектерде кездесетін мәселелердің алдын-алу.  

«Қызды да, ұлды да шаңырақ көтеруге асықтырмаңыздар! Мен, мәселен, 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Сол уақытқа дейін құлағыма сағыздай жабысты «Кәрі қыз» деген жиіркенішті атау. Құтыла алмай жатқандай, «қашан тұрмысқа шығасың?» деп сұрау – манипуляция! Яғни жеке шекарадан аттау!», – деп жазды Дина Төлепберген. 

Сондай-ақ, журналист жобаның алғашқы қонағы, актриса Құралай Анарбекованың да басындағы жағдаятты талқылап көрді. 

«Құралай да: «Құлағыңды жегідей жейтін сөздер жүрегіме ауыр тиеді» – дейді. Тағы қайталаймын, әр ұл, әр қыздың өз шекарасы бар, оны бұзбауды ата-ана, жақын деген адамдар өздерінен бастауы керек. Таяуда авторлық жобам жарыққа шығады. Din Dina Show – әйелдер үшін. Қонағымыз Құралай Анарбекова», – деп хабарлады медиа маманы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: