Дүйсенбі, 10 ақпан, 20:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10,2123
08.02.2025
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлік: Жалағашта 176 жаңа жұмыс орны ашылды

09.02.2025

90 0

Жалағаш ауданында қаржы институттары арқылы кәсіпкерлер ұсынған 325 жоба қаржыландырылып, 176 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аудан әкімі хабарлады. Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі тұрғындардың табысын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап ауданда «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру жұмыстары сәтті жүзеге асырылып келеді.

– «Байқоңыр ӘКК» ҰК» АҚ арқылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржылық қолдауға ие болу үшін әртүрлі бағыттар бойынша 268,4 млн. теңгені құрайтын 48 жоба «Ауыл Аманаты» цифрлық платформасына енгізілді. Оның ішінде 60 млн. теңгені құрайтын 11 жоба қаржыландырылып 11 жұмыс орны құрылды. Бұдан бөлек, өткен жылы желтоқсан айында 43 млн. теңгені құрайтын 10 жоба комиссияда мақұлданып, 2025 жылдың басында толық қаржыландырылды. Ауданда өңдеу саласын дамыту мақсатында жеке кәсіпкер Халық Серіктің жеке қаражаты есебінен жалпы құны 300,0 млн. теңгені құрайтын «AKNIET» құрылыс қоспаларын шығару цехы іске қосылды. Сонымен қатар, «Таң ЛТД» ЖШС-нің жалпы құны 422 млн. теңгеге «Өндірістік база» цехының құрылысы жүргізілуде, жақын уақытта іске қосу жоспарлануда. Цех мақсарыдан май, жүгеріден ұн және күріштен лапша өнімдерін шығаруды жоспарлауда. Цех іске қосылған кейін жаңадан 22 жұмыс орны құрылатын болады, – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.Айта кетейік, былтыр Жалағаш ауданында кәсіпкерлердің бастамасымен құны 600 млн. теңгені құрайтын 3 сауда орталығы ашылып, пайдалануға берілген.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: