Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономиканың негізі

30.11.2024

46 0

Достық үйінде «Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономиканың негізі» тақырыбы бойынша семинар өтуде. Кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға берері мол семинардың бірінші кезеңінде жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері қойылған көрме таныстырылды.

Семинарды арнайы ашып берген қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратов бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес субъектілерін құру және оның экономикадағы үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар кәсіп иелерін қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

– Экономиканың барлық саласында жұмыс жасайтын шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Биыл облыс орталығындағы жеке кәсіпкерліктің 1409 жобасы барлық қаржы көздерінен 30 млрд теңгеге қаржыландырылды. Нәтижесінде қала кәсіпкерлерінің саны 33 мыңнан, ондағы жұмыспен қамтылған адамдар саны 65 мыңнан асты. Шағын және орта кәсіпкерлікпен 300 млрд. теңгеге өнім өндірілді, – деді Пакуатдин Сражадинұлы.

Ойталқыны «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының жоба менеджері Ербол Маралұлы бастап, бизнесті ойлау психологиясының негіздеріне тоқталып өтті. Келесі спикер «The One System» компаниясының негізін қалаушысы Аслан Жұмабаев бизнесті жүйелеу әдістері туралы тақырыпты қозғаса, «NP-Consulting» ЖШС директоры Ғалым Прекешев кіші өндіріс кәсіпорындарын дамыту жолдарын жан-жақты түсіндірді. Азаматтардың қаржылай сауаттылығы төңірегінде «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы Балдырған Мәмен, ал «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы мүмкіндіктер туралы ҚР АШМ Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаментінің бас сарапшысы Сұңғат Серікбайұлы сөз етті. Іс-шараға қаладағы кәсіпкерлер, ерікті жастар қатысуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: