ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев заңға жаңа өзгеріс енгізуді ұсынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін қызмет көрсетуге төлем чегіңізде міндетті атрибут ретінде көрсетілген. Біз қызмет көрсетуге төленетін жеке төлемді чектегі міндетті атрибуттан алу үшін заңға өзгеріс дайындап жатырмыз. Қызмет көрсетуге төлейтін 10 пайыз алынып тасталады. Ол сомма сіз алған қызметтің ішінде болса, неліктен сіз екі рет төлеуіңіз керек, – деді министр Сенат кулуарында.
Айта кетейік, қазір дәмхана, ресторандардың барлығында дерлік тұтынушы алған қызметтің кемінде 10 пайызын қызмет көрсетуге төлейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!