Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кальян ұсынатын мейрамханаларға жаза күшейеді

14.03.2024

680 0

Сурет: stan.kz

Қазақстанда кальян сататын мейрамхана мен дәмхана иелеріне айыппұл салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева қоғамдық орындарда кальян тұтынуға тыйым салынғанын еске салды. Бірақ соған қарамастан олар бар мен мейрамханаларда еркін пайдаланылып жүргенін атап өтті.

«Осыған байланысты парламент мәжілісінің депутаттарымен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс шеңберінде айыппұл сомасын көбейту нормаларын пысықтаймыз. Қазіргі заңнамада темекі өнімдерін тұтынатындарға қатысты жаза болғанымен, оны тұтынуға мүмкіндік беретін рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма жоқ. Осыған байланысты біз қазір талқылап жатырмыз, әкімшілік құқықбұзушылық шеңберінде жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді – яғни ресторатор мен кәсіпкерлерге салынатын айыппұл сомасы артып мен норма күшейтіледі», – деп түсіндірді Сәрсенбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: