Биыл елімізде картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM ақпараттық агенттігі
– Сауда және интеграция министрімен бірқатар отырыс өткіздік, қазір де бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Егер баға шектен асып кетсе, біз сатушыларға белгілі бір мөлшерде айыппұл саламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Министр келтірген мәліметке сүйенсек, биыл картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды.
– Биыл менің ойымша, мол өнім болып, картоп жеткілікті көлемде жиналады. Күзде баға төмендейді деп ойлаймын, – деген болжам жасады ведомство басшысы.
Еске сала кетсек, маусымда елімізге кедендік бажсыз картоп импорттауға мүмкіндік берілді.
Сондай-ақ картоп бағасын өсіргендерге айыппұл салынатыны айтылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!