Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне жататын картоптың бағасы бүгінде тұрақты әрі тұрақтандыру қорында жеткілікті көлемде сақталуда.
Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында жалпы көлемі 1000 тонна картоп өнімі сақтаулы. Өнім әлеуметтік дүкендер желісіне 143 теңгеден, ірі сауда үйлеріне 158 теңгеден босатылып жатыр. Ал нарықта 400 теңгеден сатылуда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің қымбаттауына жол бермеу үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ, қаламыздағы 37 әлеуметтік дүкен мен 21 үй жанындағы дүкен және 10-нан аса ірі сауда үйлері арқылы тұрақтандыру қорының өнімдері 10-15%-ға төмен бағада сатылуда.
Айта кетейік, бүгінде тұрақтандыру қорында құны 1 млрд 241,6 млн теңге болатын 3 869,3 тонна азық-түлік бар. Бұдан бөлек, келісімшартқа сәйкес әлі де жеткізушіде 518,9 млн. теңге сомасын құрайтын 8 665,5 тонна өнім қоры бар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!