Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Каспий Арал тағдырын қайталауы мүмкін – Экологтар

13.09.2022

743 0

Каспий Арал тарихын қайталайды деп экологтар алаңдаулы. Бүгінге дейін оның көлемі 22 000 км2-ге кішірейген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме бере отырып. 

Ресми деректер бойынша, теңіздің тартылуы 2006 жылдан бері жалғасып келеді. Тұзсыз теңіз суын тұтынатын Ақтау тұрғындары Каспийдің тайызданып жатқанына  қорқынышпен қарайды.

Халықтың айтуынша, жағалау сызығы күрт өзгеріп, кей жерлерде теңіз 20 метрге тартылған. Экологиялық апат қаупі бар.

Каспий теңізінің тайыздануын экологтар Еділ мен Жайықтан келетін судың азаюымен байланыстырады. Бұл өзендер су қоймасының 80%-ын толтырады. Эколог Орынбасар Тоғжанов Каспий Арал тағдырын қайталамауы керек деген сенімде.

“Қазақстан мен Ресейдің экологтары бұл жағдайды бірнеше рет талқылады. Әріптестердің айтуынша, соңғы 50 жылда Жайық өзенінің маңында тұратын халық саны 6 есеге өскен. Тұрғындар өзен суын пайдаланады. Бұрынғы кеңестік кезеңдегідей су тұтынуды жоспарлау мүмкін емес, сондықтан Қазақстан да, Ресей де су ресурстарын пайдалануды бірлесіп үнемдеуі керек” – дейді эколог Тоғжанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: