Жұма, 29 қараша, 09:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Каспий жағалауында сирек кездесетін 150 өлі итбалық табылды

06.05.2021

1953 0

Каспий теңізінің жағасында (Ресей) Қызыл кітапқа енген 150 өлі итбалық табылды

Бұл туралы «Теңіз сүтқоректілері» ғылыми-экспедициялық орталығының табиғатты қорғау бағдарламаларының үйлестірушісі Виктор Никифоров хабарлады.

«Дағыстандық жолдастарымызбен бірге екі күннің ішінде 150-ден астам Қызыл кітапқа енген Каспий итбалықтарын таптық. Біз тексеруді жалғастырамыз, менің ойымша, бүгінде өлген жануарлардың саны 200-ге жетеді. Қорқынышты көрініс, мен мұны ешқашан көрген емеспін, жағажайда әр 50 метр сайын сүтқоректілердің өлігі жатыр», – деді Никифоров.

Экология және тұрақты даму институтының директоры Алимурад Гаджиев кейбір итбалықтардың терісі жоқ екенін, кейбіреулері балық аулау торларына оралғанын атап өтті.             

«Итбалықтар қырылуының себептері әртүрлі болуы мүмкін: теңіздің ластануынан балық аулау  ға дейін. Мұның себебін түсіну үшін мұқият және жан-жақты зерттеу, жыл бойы мониторинг жүргізу қажет. Біз популяция құрылымын, өлген жануарлардың жасын анықтау үшін тіндердің үлгілерін алдық. Жүз жыл бұрын Каспийдегі итбалықтардың саны миллионнан асатын, ал қазір, түрлі бағалаулар бойынша, 50-70 мың. Мұндай проблеманы бір жолғы акциялармен шешуге болмайды, – деді Никифоров.

Каспий итбалығы – Каспий теңізінің жалғыз сүтқоректісі. 2008 жылы Халықаралық табиғатты қорғау Одағы оған жойылып кету қауіпі бар деген мәртебе берді. 2020 жылы Каспий итбалығы Ресейдің Қызыл кітабына енгізілді.

2020 жылдың желтоқсан айының басынан бастап Каспий теңізінің жағалауында Дағыстанда 300-ден астам өлі Каспий итбалықтары табылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: