Жұма, 27 желтоқсан, 11:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кассациялық сот – сот жүйесінің маңызды бөлігі

24.10.2024

431 0

Фото: gov.kz

Елімізде жаңа кассациялық сот құрылады.  Ол сот істерін қайта қарау арқылы сот төрелігінің әділеттілігі мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол сот актілерінің заңдылығын және негізділігін тексереді, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды жоюға ықпал етеді.

Жуырда өткен ІХ судьялар съезінде Мемлекет басшысы келер жылдан бастап кассациялық сот жүйесі жүзеге асатынын айтқан. Кассациялық инстанцияның міндеті – істің мәнін қайта қарау емес, сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру. Яғни, кассациялық сот істің фактілік жағына емес, заңдылық аспектісіне назар аударады. Сондай-ақ сот актілеріне қатысты шағымдарды қарау, заңның дұрыс қолданылуын тексеру, төменгі инстанциядағы соттардың шешімдерін заңдылыққа сәйкестігі бойынша тексеру,заңның бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы анықталған жағдайда шешімдерді өзгерту немесе жою мүмкіндігіне ие.

Кассациялық сот республикалық деңгейде жұмыс істейді және ондағы істердің қаралу мерзімі алты айдан аспайды. Кассациялық сот жүйесі азаматтардың құқықтарын қорғауға, сот жүйесінің тиімділігін арттыруға және әділ шешімдердің қабылдануына ықпал етеді. Бұл инстанция заңдылықтың сақталуын қадағалай отырып, әділ сот төрелігін қамтамасыз етеді. Кассациялық соттың шешімдері елдің сот жүйесінің беделін арттырып, халықтың сенімін нығайтуға көмектеседі.Сот төрелігінің әділдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл институт сот жүйесінде құқықтық қателіктерді түзетіп, әділ сот төрелігіне қол жеткізуге бағытталған.

Істерді кассациялық тәртіпте қарайтын судьяларға қойылатын талапта жоғары. Кассациялық сот судьяларының заңгерлік өтілі кемінде 18 жылды құрауы керек, сонымен қатар судьялық тәжірибесі кемінде 8 жыл болуы қажет. Демек, кассациялық сотта тәжірибесі толысқан, кәсіби шеберлігі шыңдалған судьялар ғана қызмет атқаратынын аңғаруға болады. Бұл өз кезегінде қоғамның сот әділдігіне деген сенімін арттыруға сеп болмақ.

Серік Жаппасбаев

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: