Бейсенбі, 18 қыркүйек, 12:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

«Kazakh Invest» пен француздық «HydroPlus» компаниялары меморандумға қол қойды

18.09.2025

48 0

Фото: ҚР СIМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров француздың «HydroPlus» компаниясының президенті Франк Дель Реймен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келіссөз барысында гидротехникалық құрылыстарды салу және жаңғырту, сондай-ақ Қазақстанның су шаруашылығына заманауи инженерлік әрі экологиялық тұрақты шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.

Ә.Қуантыров Қазақстанның инновацияға және «жасыл» даму қағидаттарына негізделген серіктестікке мүдделі екенін атап өтіп, «HydroPlus»-пен бірлескен жобалар су ресурстарын тиімді басқаруға және экологиялық дамуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Франк Дель Рей компаниясының халықаралық тәжірибеде сыналған техникалық шешімдерге сүйене отырып, Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен «HydroPlus» арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар бірлесіп инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін өңірлер мен басым бағыттарды айқындауға уағдаласты.

Анықтама: «HydroPlus» – 1991 жылы құрылған, VINCI Construction Grands Projets құрамына кіретін инженерлік компания. Су қоймалары мен бөгеттерді жаңғыртуға арналған технологияларды әзірлеумен айналысады. Бүгінде компания 30-дан астам елде жобаларды жүзеге асырып, экологиялық тұрақты әрі экономикалық тиімді шешімдер ұсынып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: