Жексенбі, 17 қараша, 17:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

“Kcell” Қазақстанның 11 қаласындағы қоғамдық көліктің жолақысын тегін қылады

25.01.2024

496 0

Фото: stan.kz

“Kcell” компаниясы өз клиенттерін жаңа «OGO” картасымен тағы да қуантпақ. Енді Қазақстанның 11 қаласындағы бұл картаның тұтынушылары қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Ең ірі ұялы байланыс операторының бұл мүмкіндігін жазға дейін пайдалануға болады. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Акция Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Петропавл, Талдықорған, Рудный, Қаскелең, Есік, Қабанбай батыр (Алматы обл.), Талғар және Шелек қалаларына жүргізілетін болады. Сондай-ақ, “Kcell” тағы бес қаланың, соның ішінде Астана тұрғындары үшін де осындай бонустарды қарастырып жатқанын алға тартты. Енді астаналықтар 1 ақпаннан бастап осы қызметті пайдаланып, автобуспен тегін жүре алады. Жол ақысын OGO картасымен төлеген кезде Аctiv және Kcell абоненттері 99,9% кэшбэк алады. Бұл дегеніміз су тегін жүресіз деген сөз.

Жалпы, бүгінде 300 мыңға жуық OGO-картасы шығарылды бұл өнімді пайдаланушылар саны тез өсуде. Бұған таң қалудың жөні жоқ. Өйткені карта иелері кафе, мейрамхана мен барларда, супермаркет пен дүкен, такси, жанармай құю станцияларында және тіпті коммуналдық төлем төлегенде қолма-қол ақша мен бонустар алады. 

«Бұл ұсынысты пайдалану үшін біздің абонент Activ немесе Kcell қосымшаларында OGO-Bank бөлімін таңдап, негізгі беттен OGO-картасын бірнеше минут ішінде тегін аша алады. Ол үшін Google Pay немесе Apple Pay-ге картаны тіркеп, смартфондағы NFC функциясын қосса жеткілікті. Кейін жолаушы смартфонды жол жүру ақысын төлеу құрылғысына қоса алады. Сонда жол ақысы автоматты түрде есептен шығарылады. Ал 99,9% мөлшеріндегі кэшбэк абоненттің бонустық шотына түседі. Алынған бонустарды балансқа және OGO картасына шығарып, жол ақысын қайта төлеуге болады», – деді «Кселл» АҚ Цифрлық сервистерінің басшысы Сергей Коптик.

Айта кетейік, OGO-картасын комиссиясыз өз нөміріңіздің балансынан немесе басқа банктің картасынан 500 теңгеден жоғары сомаға толтыруға болады. OGO бұл тек қаржы құралы ғана емес, көптеген артықшылықтардың кілті. Ол шетелде қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін бонустар есептейтін Қазақстандағы бірден-бір карта.  Мысалы, Aliexpress ірі маркетплейсінде онымен төлем жасау өте тиімді. Карта иелері сонымен қатар MasterCard халықаралық төлем жүйесі ұсынатын барлық артықшылықтарды, соның ішінде компанияның әртүрлі сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарындағы серіктестерінің акциялары мен арнайы ұсыныстарын пайдалана алады. 

«OGO-картасы – бұл біздің «OGO Bonus» адалдық және көтермелеу бағдарламамыздың бір бөлігі. Оған жарты миллионға жуық қазақстандық қатысты. Бағдарламаға қосылған әрбір қатысушы абоненттің бонустық шотында жинақталған OGO-Card немесе мобильді баланстан әрбір төлем үшін белгілі бір бонустар немесе кешбэктер алады. Осылайша алынған бонустарды кейінірек теңгерімге алып, OGO-картаны толтыруға немесе әртүрлі қызметтерге әдеттегі төлемдер үшін пайдалана алады. Сонымен қатар, жинақталған бонустарды достарыңыз бен отбасыңызға аудара аласыз», – деп қосты Сергей Коптик. 

Жоба бүкіл әлем бойынша автоматты түрде қабылданатын GooglePay, ApplePay көмегімен контактісіз төлем технологиясының дамуын қадағалайтын MasterCard халықаралық төлем жүйесінің қолдауымен іске асырылып келеді. “Kcell” компаниясының бұл акциясы білім беру сипатына ие. Өйткені ол еліміздің тұрғындарына бүкіл әлемде танылған заманауи цифрлық шешімдердің артықшылықтарын сезінуге мүмкіндік береді.

OGO карталары туралы қосымша ақпаратты 4098 қысқа нөміріне (Kcell абоненттері үшін де тегін) қоңырау шалып немесе activKcell сілтемелерінен біле аласыз. 

OGO картасының қызмет көрсету мәселелері бойынша 7711 нөмірі арқылы «First Heartland Jusan Bank» АҚ Call-орталығына хабарласуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: