Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Kcell ұялы байланысынан ақау шығып, интернет нашарлады

05.12.2024

369 0

Фото: instagram.com/kcell.kz

Таңертең Activ және Kcell ұялы байланысын қолданатын абоненттерде интернет проблемасы байқалды. Kcell компаниясы аталған жайтқа қатысты түсінік берді.

Таңертең компания желісінде кейбір абоненттің интернетке қосылу жылдамдығының төмендеуі тіркелді. Бұл жағдай жабдықтың техникалық ақауы салдарынан болған. Компания мамандары дереу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, шұғыл түрде телекоммуникациялық жабдық өндірушінің сарапшыларын тарта отырып, мәселені бірлесе шешті. Қазір барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп тұр, интернет жылдамдығы толық қалпына келтірілді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Kcell компаниясы байланыс нашарлаған барлық абонентке бонус есептелетінін хабарлады.

Айта кетсек, бұл бірінші жағдай емес жазда Activ және Kcell ұялы байланысынан ақау шықты.

Еске сала кетейік, Kcell компаниясы былтыр мұғалімдер интернет іздеп әбігерге түскен ауылдағы жағдайды түсіндірген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: