Сейсенбі, 17 маусым, 15:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Кейбір банктер ипотека беруді тоқтатты

17.06.2025

103 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазақстанның кейбір банктері қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық қарыздар бойынша өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Krisha.kzсайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Банк операторлары жағдайды бақылап, ақпаратты кейінірек нақтылауға кеңес берді.

Қазақстанда ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті көлемін 25%-дан 20%-ға дейін төмендету туралы талап күшіне енді. Бұл талап тек коммерциялық банктерге қатысты. «Отбасы банкінде» бөлек мөлшерлеме жүйесі қолданылады.

Қайталама тұрғын үйге ипотекалық өтініш беру уақытша қолжетімсіз банктер қатарында: Halyk, ЦентрКредит банкі бар. Аталған банктер қай уақытта және қандай шарттармен өтініштерді қайта қабылдайтынын нақты айта алмады, қосымша ақпаратты банктерден нақтылау қажет екенін жеткізді.

Қазір бұл банктер бастапқы тұрғын үйге ғана несие беріп отыр, оның өзі барлық құрылыс компанияларымен емес, тек жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-дан аспайтын әріптес құрылысшылармен жұмыс істейді.

Сонымен қатар Altyn және Нұрбанкте қайталама тұрғын үйге ипотека ресімдеуге болады, деп сендірді олардың операторлары. Қазір бұл банктер өтініштерді қабылдап жатыр. Altyn банкінде алғашқы және қайталама тұрғын үйлер бойынша да өтініштер қабылданатыны айтылды. Ал Нұрбанк тек қайталама нарықтағы тұрғын үймен жұмыс істейтінін хабарлады. Freedom Bank ипотекаға өтініш қабылдау мен қарастыруды тоқтатпағанын мәлімдеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: