Қаламызда ел Президентінің бастамасымен жүзеге асқан жасампаз жоба – «Келешек мектептерінің» бірі Сол жағалау тұрғын ауданынан 2024 жылы ашылған болатын. 900 орындық №290 инженерлік мектебінде білім алушылардың, педагогтердің қауіпсіздігіне қатысты шаралар бірінші жолға қойылған. Яғни, баланың кіріп-шығуын қадағалайтын ішкі-сыртқы бейнекамералармен қамтылған.
Ұстаздардың шығармашылықпен еңбек етуіне барлық мүмкіндік жасалған. Ерекше балалар үшін кедергісіз орта құрылған. Ғимаратта заманауи робототехника кабинеттері, түрлі зертханалар, хореография залы, коворкинг алаңдары бар. Мұндай жоба білім беру жүйесін жаңартып, сауатты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы еліміздің барлық аймағында жүзеге асырылуда. Біздің қаламызда дәл осындай 5 мектеп салынып, оқушылар сапалы білім мен тәрбие алуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
