Қалаға қарасты Талсуат ауылдық округінің тұрғындары республикалық референдумға жоғары белсенділікпен қатысуда. Дауыс беру учаскесінде ұлттық рухты тербеген түрлі шаралар ұйымдастырылды.
Жастар дәстүрлі ойындарға ден қойса, аға буынға дәм ұсынылды. Әсіресе, әзиз әжелер белсенділік көрсетті.
Ұлттық киімі жарасқан аналарымыз ел болашағы үшін бей-жай қарамайтынын білдірді. Олар келешекке кемел көзқарас қалыптастыруға шақырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
