Сәрсенбі, 16 қазан, 06:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Келешектің мамандығы қандай?

29.05.2021

1545 0

Биылғы оқу жылы да аяқталып, түлектер мектепті тәмамдады. Енді олар 11 жылдық білімін қорытындылап, сынақ тапсырған соң өмір бойы серік болатын мамандығы бойынша білім алады. Ғұмырында адам осы таңдаудан қателеспеу керек. Үлкен жауапкершілік пен тың ойды қажет ететін бұл таңдаудың маңызы жоғары. Осы орайда соңғы жылдары сұранысқа ие мамандықтар тізімін назарға ұсынуды жөн көрдік.

Сұранысы көп мамандықтар тізімінде ІТ сала мамандары көш бастап тұр. Технология дамыған заманда бұл мамандыққа деген қажеттілік көбеймесе  азаймайтыны анық. Ақпараттық технологиялар заманында өмір сүріп жатқандықтан ІТ мамандарды қажет ететін компаниялар аз деуге келмейді. Жалпы жаңа заман мамандығы атанған бұл саладағы айлық көлемі жоғары деңгейде. Бірақ мұндай қызметті өз саласын тыңғылықты меңгерген, сапалы кәсіби білімі бар жандар ғана атқара алатынын естен шығармаған жөн.

Әлемдік пандемияның әсерінен медицина мамандары мен фармацевтердің қызметіне деген сұраныс артты. Күллі жаһанда ең маңызды деп саналған сала – медицина. Әсіресе, инфекционист, фтизиатор, хирург-онколог мамандары аса қажет. Қазіргі таңда ақ халатты абзал жандардың жұмысын сапалы атқару үшін мемлекет те барлық жағдайды жасауда. Сонымен қатар дәрігерлерге тек қаржылық емес, қоғамдық көңіл де ерекше бөлінуде. Бұл өз кезегінде мамандық маңыз­дылығын ашып көрсетеді.

Менеджер – біздің елде соңғы бес жыл­дықта көптеп тарала бастаған мамандық қатарында. Оның ішінде сауда саласындағы менеджерлерге деген сұраныс жоғары. Тағы да сол пандемияның әсерінен қазір онлайн сауда жүйесі дамыды. Бұл мамандарға алдағы уақытта жұмыс табу қиынға соқпайды.

Дизайнер 2017 жылдан бері «танымал» мамандық атанып келеді. Қазіргі таңда киім, көлік, тауар мен баспа дизайнерлерінің жасаған жұмыстары көбейді. Тұтынушы ең алдымен тауардың сыртқы көрінісіне назар аударатындықтан дизайнерлерге деген қажет­тілік әзірге азая қоймайды.

Бизнес саласында маңызды саналатын маркетолог мамандар бүгінгі күні дизайнер және сауда менеджерімен қатар көш бастап келе жатқан қызмет. Олардың қызметі – адамның көңілін аударатын жарнама жасау емес. Маркетологтар біз ойлағаннан да ақылды. Сол себептен бұл сала мамандарына жоғары білім алып, өз-өзін дамытып отыруды қажет етеді. Маркетологтың қызметі – тауарды өткізе білу.

Педагог – қашанда жоғары сұранысқа ие мамандық. Дегенмен білім беру саласы бүгін үлкен өзгерістерге ұшырады. Енді мұғалімдер тек білімді ғана емес, компьютер мен интернет желісін жетік меңгерген болуы талап етіледі. Одан бөлек, арнайы білімі болмаса да тренинг-семинар жүргізетіндер де бар. Олардың басты мақсаты – қоғамға пайдасын тигізу.

Пандемиядан кейінгі дағдарыс қоғамның пси­хологиясы мен өз-өзін сезінуіне үлкен әсер етті. Сондықтан адамдар арасында психологтарға жүгінетіндер артты. Адам бойындағы сенімсіздік пен қорқыныштың алдын алатын – психолог. Дегенмен бұл салада бастысы – қызметтік тәжірибе. Сол себептен теориялық білімді меңгеріп, 1 жылдан астам уақыт тынымсыз еңбек қажет.

Жалпы мамандықты таңдамас бұрын ең алдымен жүрек қалауына жол беру керек. Себебі сіз таңдаған жұмыс тек табыс көзін ғана емес, қызығушылық пен шабыт сыйлауы керек. Қай мамандықты таңдасаңыз да, өз қызметін сапалы орындайтын маман үлкен сұранысқа ие болатынын естен шығармаған жөн. Ал егер сіздің жүрек қалауыңыздағы мамандық үздік мамандықтар қатарында болса тіптен жақсы.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: