Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Келесі жылу беру маусымына дайындық қазірден басталмақ

10.04.2024

614 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жылу беру маусымының қорытындысы, келесі жылу беру маусымына дайындық және коммуналдық мекемелердің қарыздары бойынша мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер жайында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин баяндады.

Аймақ басшысы жауапты маусым тұрақты өткенін айтты.
«Жалпы өңірде жылу беру маусымы тұрақты өтті деуге болады. Дегенмен 29 наурыз күні Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі газ құбырында апаттық ақау болып, салдарынан 6 мыңға жуық абонент және 4 әлеуметтік нысан он екі сағат газдан ажыратылды. Оның ішінде облыстық балалар ауруханасы, «Ана мен бала» орталығы, туберкулезге қарсы диспансер бар. Мұндай жағдай жеке мекемелердің іс-әрекетінен екінші рет қайталануда. Құрылыс мекемелері көп жағдайда жер қазу, инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне қосу жұмыстарын жауапты мекемелердің қатысуынсыз жүзеге асыруда. Бұған қатаң бақылау қажет. Алдағы жылу беру маусымына дайындықты бүгіннен бастауымыз керек. Барлық әлеуметтік нысандар қазан айына дейін, ал мектептер тамыз айының соңына дейін дайын болуы тиіс», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мұнан бөлек, жиында бюджет қаржысын игеру, коммуналдық кәсіпорындардың өзара берешектерін өтеу және штаттық кестесін оңтайландыру, әлеуметтік нысандарды табиғи газға ауыстыру жайлы талқыланды.

Мәжіліс қорытындысымен Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, жылу-энергия нысандарының басшыларына 1 мамырға дейін алдағы жылу беру маусымына дайындық жөніндегі қалалық және аудандық штабтар құрып, іс-шаралар жоспарын бекіту тапсырылды. Облыс орталығы мен аудандардағы әлеуметтік нысандарды газға көшірудің жоба-сметалық құжаттамалары да 1 мамырға дейін әзірленуі тиіс. Мұнан бөлек, «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесіне қазандықтар мен жылу желілерін жөндеуді 1 қазанға дейін аяқтау міндеті қойылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: