Бейсенбі, 05 ақпан, 19:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

«Кеңсе тілі қазақша болмай іс оңбайды»: Қарин әлеуметтік желідегі ұрандарға жауап берді

05.02.2026

67 0

Фото: Pexels

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп ұрандатудан басталмайды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында осындай пайым айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Осы күндері Сәкен Сейфуллиннің «Кеңсе тілі қазақша болмай іс оңбайды» деген сөзін арасында әлеуметтік желіде келтіргенді көріп жүрміз. Дұрыс. Бірақ, қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен заңдарымыз, әсіресе Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті, ұғынықты жазылуы тиіс, — деді Ерлан Қарин.

Оның пайымдауынша, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп ұрандатудан емес, көзге көріне бермейтін, күнделікті, тыңғылықты шаруаны талап ететін маңызды, күрделі жұмыстан басталады.

— Жаңа Конституцияның «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын І бөлімінің 3-бабындағы «жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын орнықтыру» деген негізгі қағидат осыны білдіреді, яғни, мұндай елдік істерге ақылмен, сындарлы көзқараспен, нақты жұмыспен, жасампаздықпен кірісу маңызды, — деді Мемлекеттік кеңесші. 

Айта кетейік, жаңа Конституцияның жобасын түрлі мекемелер, ұжымдар талқылап жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: