Дүйсенбі, 17 наурыз, 01:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Кеудеме өксік толып, өкініш биледі: Қайрат Әділгерей баласы туралы шындығын айтты

16.03.2025

30 0

Фото: Скриншот

Әйгерім Сейфолланың сырласуы” бағдарламасында танымал актер, әзілкеш бала тәрбиесіне тоқталып, оқуға жіберген ұлына қатысты өкінішін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

«Баламды Америкаға ұшырып, шығарып салған кезде кеудеме өксік толып, мені өкініш биледі. Шешесі екеуіміз далада бақырып жылап жүрміз. Сонда бала бүлініп кетеді-ау, шалыс басады-ау деген қорқыныш болған жоқ. Ер бала болғаннан кейін өмірге өзі бейімделуі керек қой… Баланың маған дегенде көңілі тоқ болып, кетіп бара жатыр ма? Міне, мәселе қайда. Ойланып отырсам, әкесі бола тұра баламмен бірге уақыт өткізген кездерім есіме түспейді екен. Бала қайда барады?!» – деді ол.

Әзілкеш осы оқиғадан кейін бірден әлеуметтік желіге шығып, өз ойын бөліскен екен.

«Сол кезде «өкініп қалмаңыздар» деген едім. Біз әке тәрбиесі дегенде, нақыл сөз айтып, тәлім-тәрбие беру керек деп ойлаймыз. Жоқ, балаңмен ойнаудың өзі жетіп жатыр. Ешқандай тәрбие бермей-ақ, тек уақыт бөлші», – деді әртіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: