Ақтөбе облысында бір отбасы мінген көлік жол апатына ұшырап, бес айлық сәби қаза болды, – деп хабарлайды Massaget.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 қыркүйек сағат 07:00-де Мұғалжар ауданы Сағашили аулының маңындағы Ақтөбе-Астрахань автожолының 127 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
«28 жастағы Kia-Ceed автокөлігінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, көлік құралын аударып алған. Автокөліктің салонында жүргізушінің отбасы болған. ЖКО салдарынан бес айлық қыз бала оқиға орнында қаза болды, жұбайы мен 2 жасар ұлы медициналық мекемеге жеткізілді», – делінеген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!