Қазақстанда киік етін сату рұқсат етілген және ол ветеринариялық қызметтердің бақылауында. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, киік популяциясын реттеу мен аң аулау мәселесі Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құзыретіне кіреді, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылауға жауап береді.
Өңдеумен айналысатын барлық ет сою пункттері біздің бақылауымызда. Бүгінде өнім сатуға шектеу қойылмаған, себебі біз тұрақты түрде мониторинг жүргіземіз. Кез келген шектеу енгізбестен бұрын жағдайды бағалаймыз. Әзірге оған негіз жоқ, аурулар анықталған жоқ, алаңдауға себеп жоқ, – деді Бердалин.
Ол журналистің “Болашақта киік етін өндіру мен сату кеңейе ме?” деген сұрағына “Иә, кеңейеді, болашақта бұл өнімдерді супермаркеттерден де көруге болады” деп жауап берді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
				
					