Абхазияда өрттен кәмелетке толмаған бес бала қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гал ауданы Папанырхуа ауылында тұрғын үй өртеніп, сегіз жас пен төрт айлық аралығындағы бес қыз бірдей мерт болды. Өртке әжелерінің пеш жаққанда керосиннің орнына бензинді құйып жібергені себеп болған. Қатты өрт ағаш үйді тез шарпыды, ұйықтап жатқан қыздар қайтыс болды.
6 қаңтарда осы қайғылы жағдайға байланысты елде қаралы күн жарияланды. Барлық мемлекеттік мекемеде мемлекеттік тулар түсіріледі, мәдениет мекемелерінде, теледидар мен радиода ойын-сауық шаралары тоқтатылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!