Құрметті облыс тұрғындар мен қонақтары!
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қызылорда облысы әкімінің «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу нұсқаулығына сәйкес «2024 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында Қызылорда облысы аумағында 2024 жылғы 8-9 ақпан аралығында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Оқу-жаттығу барысында құлақтандыру жүйелері тексерілетін болады.
Қызылорда облысы ТЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!