Сәрсенбі, 27 қараша, 16:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Көктемде қауіп жоқ

18.04.2023

633 0

Экология және табиғи ресурстар министрлігі көктемгі су тасқыны қаупі жоқ екенін ресми сайтында хабарлады.

Көктем мезгілінде қардың еруі мен жауын-шашын мөлшерінің артуы салдарынан су тасқыны қауіп тудыратыны анық. Қазгидромед орталығының 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған қоры­тынды гидрологиялық болжамы бойынша, Қазақстан аумағын қармен жабу алаңы 4%-ды құрайды. Қар жамылғысы негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Жетісу және Абай облыстарының жыра­ларында, орманды және таулы жерлерінде сақталады.

Қазіргі таңда, оңтүстік өңірінде қар суының еруі аяқталды. Бас­сейндегі ірі су қоймалардың жұ­мысына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Шардара су қоймасының – жо­балық сыйымдылығы 5200 миллион текше метрді құрайды. Бүгінгі күні қойманың толу деңгейі-96,9%. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 338,0 текше метрді құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 150 текше метр.

Бөген су қоймасының нақты көлемі 342,80 миллион текше метр болса, қазіргі таңдағы толу көрсеткіші 92,6% құрайды. Су қой­маға келіп жатқан су көлемі – 40,95 м3/сек., су қоймадан шыққан су көлемі 57,0 м3/сек.

Көксарай су реттегішінің жоба­лық сыйымдылығы – 3000 миллион текше метр. Нақты көлемі – 1785,74 миллион текше метр. Толу көрсеткіші -59,5%, келіп жатқан су көлемі – 0,0 млн.м3, шыққан су көлемі – 150 м3/сек.

Түркістан, Қызылода облыстары және Шымкент қаласы аумағындағы қалған су қоймаларының толу пайы­зы 90%-дан төмен.

Қапшағай су қоймасының жоба­лық сыйымдылығы – 28140 млн.м3. Бүгінгі күні нақты көлемі – 17690 млн.м3, деңгейі – 478,44м, су қойманың толу деңгейі – 96 %. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 320 м3 құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 250 текше метр.

Бартоғай су қоймасының жоба­лық сыйымдылығы – 320 млн.м3. Қазіргі таңда нақты көлемі – 292,08 млн.м3, деңгейі – 1066,56 м, су қойманың толу деңгейі – 91 %. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 12,8 м3 құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 5,0 текше метрді құрайды.

Күрті су қоймасының жобалық сыйымдылығы – 120 млн.м3. Бүгінгі күні нақты көлемі – 93 млн.м3, деңгейі – 555 м, су қойманың толу деңгейі – 77 %. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 4,7 м3 құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 1,0 текше метр.

Бестөбе су қоймасының жоба­лық сыйымдылығы – 238 млн.м3. Бүгінгі күні нақты көлемі – 85,41 млн.м3, деңгейі – 1748,35 м, су қойманың толу деңгейі – 36 %. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 34,2 м3 құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 33,7 текше метр.

Жоғарыда аталған Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясына қарасты ірі су қоймаларының жұмысына күнделікті талдау-сараптау жұмыстары жүргізілуде. Бассейн аумағындағы басқа да су қоймалар вегетациялық кезеңге дайындалуда.

Жамбыл облысында да көк­темгі су тасқынынан қауіп жоқ. «Қазгидромет» РМК орталығының хабарлауынша, вегетациялық кезең­ге тау өзендеріне арналған гидро­логиялық болжамы бойынша жауын-шашын мөлшері артық түсті. Алайда, тау бөктерінде қар жоқ. Қазіргі таңда, Шу Талас бассейні бойынша қар суының еруі аяқталды.

Терс-Ащыбулақ су қоймасы­ның – жобалық сыйымдылығы 158,0 миллион текше метрді, рұқ­сат етілгені – 145,0 млн.м3 құрай­ды. Бүгінгі күні қойманың толу деңгейі-100%, көлемі 145,0 миллион текше метр. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі 17,2 м3/с, ал шығарылған су көлемі 15,0 м3/с.

Тасөткел су қоймасының – жоба­лық сыйымдылығы 620 млн.м3, рұқсат етілгені – 472,0 млн.м3 құрайды.

Бүгінге су қойманың көлемі 345,3 млн.м3 болса, қазіргі таңдағы толу көрсеткіші 73% құрайды. Су қоймаға келіп жатқан су көлемі – 73,1 м3/сек., су қоймадан шыққан су көлемі 50,0 м3/сек.

Талас өзенінің бойындағы Қырғыз Республикасында орналас­қан Киров су қоймасының жобалық сыйымдылығы – 550 млн.м3. Нақты көлемі -434,17 млн.м3. Толу көрсеткіші -79 %, келіп жатқан су көлемі – 26,1 млн.м3, шыққан су көлемі – 0,1 м3/сек.

Қазіргі таңда, барлық бассейн аумақтарында суару маусымы бас­талып, суармалы жерлерге жоспарлы түрде су жеткізілуде.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: