Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Көлеңкелі” экономика өсімді тежейді

26.09.2024

227 0

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 Аймақта құқық саласы бойынша жүргізіліп жатқан мәселелері және оның шешілу жолы ұдайы бақылауда. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің дерегінше мемлекеттік үш мекемеде өнімсіз делдалдардан өнімді жоғары бағамен сатып алатыны анықталған. 

Қабылданған шаралар негізінде өндірушілермен және көтерме сатушылармен тікелей келісім шарттар жасасып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесінің 11 атауы бойынша бағаның төмендеуі қамтамасыз етілген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңес мәлімдеді.

– Мемлекет басшысының Жолдауында халыққа зардабын тигізетін алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдау керектігін баса айтқан. Бұған дейін құрылтайда да бұл мәселе қозғалды. Қазіргі таңда департамент Жолдауда айтылған міндеттер негізінде бірқатар жұмыстарды қолға алды. Бүгінгі тәжірибе қоғамдық қауіптілігі жоғары, әрі маңызды қылмысты ашуға бағытталған, толықтай  «саннан сапаға» принципіне көшірілген. Яғни, адал кәсіпкерлердің мүддесіне қайшы келмейтіндей, тек «көлеңкелі» экономика қылмысын анықтау және тергеу басты назарда, – деді Аслан Кеңесұлы.

Заманауи технологиялар ел экономикасын дамытуда ерекше орын алады. Тұрғындардың ажырамас бөлігіне айналған. Сонымен қатар цифрлық технологияны қолдану барысында алаяқтық қауіпі де жоғары.

– «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбы аясында департамент қызметкерлері барлық аудан тұрғындарымен кездес өткізді. Қылмыстың алдын алу және мақсатында жергілікті әкімшілікпен бірлесіп департаменттің ақпараттық бейнероликтері қала мен аудандардың орталық көшелерінің LED-экрандарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда көрсетілді,- деді Аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Майра Оралбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: