Жұма, 27 желтоқсан, 09:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көлгінов атаулы әлеуметтік көмекті алып тастайық деген депутаттар ұсынысына пікір білдірді

14.04.2023

651 0

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов депутаттардың атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау ұсынысына өз ойын айтты. Ол мұны министрлікпен бірлесе талқыламақ деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет басшысының орынбасары депутаттар ұсыныс жолдағанын жоққа шығармады. Бірақ нақты алып тастау туралы шешім әлі шыққан жоқ деп отыр. 

«Қазір мұндай шешім жоқ. Депутаттар ұсыныс жасады және бұл министрлікпен бірлесіп талқыланатын болады. Біздің мақсатымыз – шынымен мұқтаж адамдарға қолдау көрсету. Ал жұмыс істей алатындарға керісінше еңбек жағдайларын жасауымыз керек. Бұл жағдайда біз бюджетке түсетін жүктемені азайтамыз», – деді ол. 

Сонымен қатар Алтай Көлгінов атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар тізімін қысқартуды әзірге қарастырмайтынына да тоқталды. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан халық партиясының депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастауды ұсынған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: