Жұма, 27 наурыз, 17:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Көлік салығын 1 сәуірден кешіктіргендерге әр күнге өсімпұл есептеледі

27.03.2026

40 0

фото: shutterstock

Елдегі автокөлік иелеріне 2025 жылға арналған салықты төлеуге санаулы күн қалды. Мемлекеттік кірістер комитеті төлемнің соңғы мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталатынын еске салды. Осы мерзімнен кешіктірілген әрбір күн үшін өсімпұл есептеле бастайды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Салық мөлшері былтырғы АЕК бойынша есептеледі

Күнтізбеде 2026 жыл болғанымен, салық өткен кезеңнің көрсеткіштері бойынша есептеледі. Атап айтқанда, 2025 жылға белгіленген 3 932 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады. Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі.

«Сонымен бірге салық органдары жеке тұлғалардың тиісті салық кезеңі үшін төленетін көлік салығын жыл сайын есептеп, төлем сальдосын анықтайды. Есептелген салық сомасы туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберілді», – делінген хабарламада.

Егер хабарлама келмесе, берешекті Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы (kgd.gov.kz) «Жеке тұлғаларға арналған алдағы төлемдер» сервисі арқылы тексеруге болады. Сол жерде есептеулерді өзіңіз қайта қарап шығуға арналған онлайн-калькулятор да қолжетімді.

Төлем кешіктірілген жағдайда…

Комитет төлемді уақытында жасамағандарға кезең-кезеңімен шаралар қабылданатын еске салды. Яғни, 2 сәуірден бастап салық төлемі кешіктірілген әр күн үшін өсімпұл есептеледі.

«Салық және есептелген өсімпұл бойынша берешек болған кезде салық органдары ағымдағы жылғы 10 мамырдан бастап мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Егер берешек сомасы 1 АЕК-ден асқан жағдайда борышкерге берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жолданады. Егер салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыға жіберіледі», – деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қарызы барларға қандай шектеулер қарастырылған

  • банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу;
  • берешек 40 АЕК-тен (157 мың теңге) асқан жағдайда Қазақстаннан шығуға шектеу қою;
  • сот орындаушыларының қызметі үшін қосымша шығындар.

Салық органдары 1 сәуірдің соңына дейін күтпеуге кеңес береді, себебі бұл уақытта банктік жүйелерге жүктеме артуы мүмкін.

Еске салайық, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексінде көлік салығына қатысты өзгерістер енгізілген. Жеңіл автокөліктер бойынша көлік салығын есептеу кезінде пайдалану мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейін болған жағдайда 0,7 түзету коэффициенті, ал 20 жылдан асқан жағдайда 0,5 коэффициенті қолданылады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: