Бейсенбі, 19 маусым, 12:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Көлік терезесінен қолыңызды шығарсаңыз, айыппұл арқалайсыз

19.06.2025

59 0

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда көлік терезесінен қолын шығарған жолаушылар мен жүргізушілерге айыппұл салынады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Қазақстанда терезеден дене мүшелерін шығаруға тыйым салатын заң 2011 жылдан бері қолданыста. Алайда, 2025 жылғы 13 наурызда Қазақстанда «көлік салонынан тыс жолаушы тасымалдағаны үшін» талап күшейтілді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске 593-баптың 1-2-бөлігі енгізілді. Енді көлік салонынан тыс жерде адам тасымалдағаны үшін жеке жауапкершілік белгіленді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл талап көлік терезелері мен люктерінен бас, қол немесе аяқ шығару жағдайларына да қатысты. Сонымен қатар, көлік жүріп келе жатқанда есікті ашуға да тыйым салынады. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және жүргізушінің назарын бұзады деп бағаланады.

Жаңа нормаға сәйкес, бұл ережені бұзғаны үшін 10 АЕК (шамамен 39,3 мың теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Мұндай әрекеттерге жол берген жағдайда жауапкершілік жолаушыларға емес, жүргізушінің өзіне жүктеледі. 

Жаңа талаптардың орындалуын полиция тек көшедегі патрульдер ғана емес, сондай-ақ жол бойындағы бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы да бақылайды. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге көлік салонындағы жолаушылардың тәртібін мұқият бақылауға шақырады. Бұл әсіресе, әдемі кадрлар үшін әлеуметтік желілерге видео немесе фото түсіруге тырысатын балалар мен жасөспірімдерге қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: