Дүйсенбі, 03 ақпан, 14:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынбайды

03.02.2025

55 0

Фото: Н.Нұржаубай

Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау саласындағы мемлекеттік функциялардың бір бөлігін өзін-өзі реттеуге беру туралы түзетулерді қарады, деп жазады Egemen.kz.

Мәжіліс қарауындағы заң жобасын Көлік министрі Марат Қарабаев таныстырды. Енді такси қызметін көрсетушілер өзін-өзі реттеу тетіктері арқылы тариф белгілеу, еңбек күнін сақтау, техникалық байқаудан өткізу, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды проблемаларды өздері шешеді. Министрдің айтуынша, бұл жаңашылдықтар такси агрегаторларының баға белгілеу ісіндегі ашықтығын жақсартып, нарық қатысушылары үшін әділ бәсеке мен тең жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Талқылау барысында бірқатар депутат ұсынылған заң жобасында өзін-өзі реттейтін ұйымдардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажет жеткілікті ресурсы мен өкілеттігі жоқ деген алаңдаушылық білдірді.

Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов министрлік ұсынған шаралар түсінікті әрі назар аударуға лайық болғанымен, бұл ұсыныстар мемлекет тарапынан жүргізілетін көлік бақылауын әлсіретіп алуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

«Тасымалдау саласында өзін-өзі реттеуге ұмтыламыз деп такси жүргізушілерінің күнделікті табысына теріс әсер етпеуіміз керек. Министрлік барлық жаңашылдықты такси саласында жұмыс істейтін азаматтардың пікірін ескере отырып ұсынуы тиіс. Барлық даулы мәселенің ортақ шешімін табу шарт. Біз күн сайын миллиондаған адамға тікелей әсер ететін жолаушылар тасымалы саласындағы әлеуметтік шиеленісті жоюымыз керек», деді ол.

Мәжіліс Төрағасы заң жобасына қатысты мәселелерді ескере отырып, Министрлікке өзін-өзі реттеу ұйымының жұмысына пилоттық тестілеу жүргізуді, соның нәтижесі негізінде осы мәселе бойынша тың тәсілдер әзірлеуді ұсынды.

Ал Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха автокөлікті бес минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салынбайтынын айтты.

«Автокөлікті 5 минуттан артық қыздыруға шектеу жоқ. Елді мекендерде тұрғындарға қолайсыздық туғызған жағдайда механикалық көлік құралдарымен оталдырған қалпы тоқтап тұруға тыйым салынады. Тек арыз түскен жағдайда ғана бұл норма бойынша жауапқа тартамыз. Былтыр осындай үш жағдай тіркеліп, оның бірі прокуратура тарапынан жойылды. Яғни, біз көлік қыздырған адамды жауапқа тартпаймыз», деп сендірді вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: