Сәрсенбі, 30 қазан, 05:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86-2096
29.10.2024
PDF мұрағаты

Көңілдің гүлі, көздің нұры

31.05.2022

1259 0

Дүниеге келген әрбіріміздің алар орнымыз, қояр мақсатымызбен қоса белгіленген міндеттеріміз бар. Бала шақтан болашаққа аттағаннан бастап, белгілі бір принциптер мен қағидалар тағы кез болады. Сондай бір белгілі міндеттеріміздің бірі − ұрпақ қалдыру. Саналы ұрпақ- кемел келер шақтың кепілі. Ұрпақ тәрбиелеу, оның ішінде дұрысынан тәрбиелеу әсерін тікелей келешекке тигізбей қоймайды. “Балалар жылы” болып бекітілген бұл жыл несімен ерекше? Балаларға бөлінетін назар қандай болмақ? Үлкен жауапкершілікті қажетсінетін, қыруар қауқар мен орасан зор ауыртпашылығы бар бұл міндет жалпыға ортақ. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та тілге тиек еткен болатын. Неге тап осы тақырып Мемлекет басшысының назарын аудартты?  Жыл басында жарияланған жарлықтан бері жасалған жұмыс реті қандай?

Жаңа жыл қарсаңында Президент «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деді. Айтылған сөзге назар салсақ, сырты- жытлыр, іші қаңылтыр жағдай жасап қажет еместігін қатаң ескертіп, келер шақтың қамына кірісу қазіргі бал-бөбектерден бастау алуы қажеттігіне меңзейді.  Тапсырма берілді, атқарылған қызметті жіпке тізсек.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев өз сөзінде: «Балаға инвестиция салу – аймақ пен елдің табысты және тұрақты дамуының сенімді кепілі. Бүгінде Қазақстандағы балалардың саны 6 миллионнан асады. Олардың әрқайсысының ерекше қорғауға және көмек алуға құқығы бар екенін баса айтқым келеді. ҚР Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығына сәйкес, 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды, ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді», деді. Комитет төрағасының айтуынша, атқарылатын іс-шаралар 7 бөлім, бөлімдерді құрайтын 50 түрлі тармақтан тұрмақ. Оның ішінде «Білімді бала», «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «BALA QORǴAÝ», «BALA_TIME.KZ» секілді бөлімдер бар. Әрбір бағыттың жасар жұмысы түрлі саланы қамтиды. Сапалы білім берілуі, берекелі отбасыда өсіп-өнуі, денсаулығында кінәрат болмауы, жетім өспеуі,  жаңа білім беру ордаларын ашу, баланың қауіпсіздігін қорғау, ақпараттануы жайлы болмақ.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының әрбір тапсырмасы жіті орындалып, толығымен дұрыс жасалынса, келер ұрпақтың болашағы баянды, келешегі кемел болуы үшін дүниені дұрысынан тани білсе, алынбайтын қамал жоқ.

Нұрай АХМЕТОВА

Қорқыт-ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: