Жұма, 27 желтоқсан, 01:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көп балалы аналар жәрдемақысы 2023 жылы қанша теңгеге өседі

16.12.2022

2348 0

Қазақстанда 2023 жылы жәрдемақылар мөлшері ұлғаяды. Сондай-ақ, айлық есептік көрсеткіш пен төменгі күнкөріс шегінің өсуіне байланысты елде әлеуметтік көмек мөлшері өзгереді. Stan.kz тілшісі назарларыңызға көп балалы аналарға арналған жәрдемақы бойынша өзгерістерді ұсынады.

АЕК және күнкөріс деңгейі

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1 қаңтардан бастап – 3 450 теңге деп есептеледі. Ал 40 567 теңге ең төменгі күнкөріс шегі деп бекітіледі. Сондай-ақ, ең төменгі жалақы 60 000-нан 70 000 теңгеге артады.

Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері:

Төрт балалы анаға – 16,03 АЕК немесе 55 303 теңге;
Бес балалы анаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
Алты балалы ана үшін – 24,05 АЕК немесе 82 972 теңге;
Жеті балалы анаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
Сегіз баласы бар ана үшін – 32 АЕК немесе 110 400 теңге;

Одан кейінгі балаларға 4 АЕК, яғни 13 800 теңге қосылып отырады. Демек үйінде он баласы бар отбасы 138 000 теңге алады.

Жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады?

Көп балалы аналарға арналған жәрдемақыны рәсімдеу үшін өтініш жазасыз. Содан кейін төмендегі құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына апарып беру керек:
•    Жеке басын куәландыратын құжат; 
•    Балалардың туу туралы куәліктері; 
•    Көп балалы ананың мәртебесін, атағы мен наградаларының болуын растайтын құжат;

•    Неке туралы құжаттар; 
•    Тұрғылықты жерін тіркеу туралы мәліметтер;
•    Банктік шот нөмірі.

Ал Байқоңыр қаласының аналары аталған құжаттардан бөлек, тұрғын үй шаруашылығы азаматтарын есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасын ұсынуы тиіс.

Жәрдемақы алуға өтінішті E-Gov порталы арқылы онлайн-қызметпен беруге де болады. Өтініш жеті жұмыс күні ішінде қаралады. Қосымша құжаттар қажет болған жағдайда бес күн ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: