ТЖМ құтқарушылары түтін толған көпқабатты үйден 20 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін, 2025 жылғы 16 желтоқсанда Қостанайда 112 пультіне Қобыланды батыр даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде қатты түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.
«Оқиға орнына жеткен кезде бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында жиһаз бен тұрмыстық заттар жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан баспалдақ алаңы арқылы 20 адамды эвакуациялады», – делінген хабарламада.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
