Сәрсенбі, 19 қараша, 23:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Көркі келіскен көпқабатты үйлер

19.11.2025

45 0

Аймақ басшысының қолдауымен облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру, инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жемісті іске ұласып келеді. Үлкен серпін үкілегін жаңғырту жұмыстары шаһарға шырай қосып, сәулеттік сәнін арттыра түсуде.
Қазір қаладағы көпқабатты үйлерді әрлеп, сырлап, күтіп-ұстаудың өзі үлкен күш, бұл іс мол қаржыны қажет етеді. Ал, тұрғын үйлердің қасбетін линеарлы панельмен қаптаудың артықшылығы орасан. Ол көзтартар көркімен қатар, ұзақ жылға шыдайтындай заманауи құрылыс материалдарымен атқарылады.

Көркі келіскен көпқабатты үйлер
Көркі келіскен көпқабатты үйлер

Айта кету керек, ағымдағы жылы қаладағы 20 тұрғын үйді линеарлы панельдермен қаптау үшін қажетті қаржы қаралған болатын. Бас мердігер «Еңбек» РМК мекемесінің ширақ шаруасы мен сапалы жұмыстары арқасында бүгінде 5 тұрғын үйдің қасбеті қапталып бітті. Олар: А. Тоқмағамбетов көшесі №1 үй, Абай даңғылы №33 және №28 үй, Әйтеке би көшесі №27 үй, Қонаев көшесі №26 үй.
Мердігер мекеме тағы бірнеше үйдің қасбетін әрлеуге қарқынды кірісіп кетті. Олардың қатарында Назарбаев даңғылы 1,2,3,4, Шұғыла мөлтек ауданы №58, Әуелбеков көшесі 41,39,36, Әбуов көшесі №8 үй бар.

Дизайны дара, түрлі бояуларға бай әрлеу жұмыстары қала келбетін көріктендіруге заманауи леп қосқаны анық. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді.

Көркі келіскен көпқабатты үйлер
Көркі келіскен көпқабатты үйлер

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: