Сейсенбі, 07 қазан, 22:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

«Көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбында семинар өтті

07.10.2025

107 0

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат мәселелері» атты семинар өткізілді.​Семинардың мақсаты – өңірдегі көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі сауатты қолданылуын қамтамасыз ету, заңнама талаптарының сақталуын талқылау және тәжірибе алмасу.

«Көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбында семинар өтті

Семинарды облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасарыУ. Ибраев кіріспе сөзбен ашып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен оның қоғамдық кеңістіктегі қолданылу сапасын көтеру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

«Көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбында семинар өтті

Семинар барысында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы мен басқарма арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, алдағы ортақ жұмыстардың бағыттары айқындалды.

«Көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбында семинар өтті

Күн тәртібіне сәйкес облыстық қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Ә. Әлиева «Қызылорда облысындағы көрнекі ақпараттың жай-күйі туралы», А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Әлеуметтік лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Г. Исаева «Жарнама мәтіндер ішкорпусы: көрнекі ақпаратты зерттеудің жаңа мүмкіндіктері», Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының бас маманы А. Нұрғазы «Қазақстан Республикасы Тіл туралы заңнамасы талаптарының сақталуы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, ф.ғ.к. А. Абасилов «Мемлекеттік тілдің көрнекі ақпарат пен жарнама саласындағы қызметі» тақырыптарында хабарламалар жасалды.

«Көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбында семинар өтті

Баяндамашылар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тілдің қолданылу жағдайы туралы, заң талаптарын сақтау, статистикалық деректер мен есептілік сапасын жетілдіру мәселелеріне назар аударды.

Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, облыстағы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдерді дамыту бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып жүрген сала мамандары марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: