Сейсенбі, 21 қазан, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Көшу кезінде көмекші ретінде жалданған ер адам пәтер иесін тонап кетті

21.10.2025

101 0

Фото: vezetvsem.ru

Астанада көмек көрсету сылтауымен жасалған айламен жасалған ұрлық фактісі әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүк тасушы ретінде жұмысқа алынған ер адам пәтер иесінің сенімін пайдаланып, құнды заттарды ұрлап кеткен.

Оқиға елорданың Алматы ауданында болған. Көшуге көмектесіп жүрген жұмысшылардың бірі үй иесіне заттарын шығарып беріп жүріп, байқатпай зергерлік бұйымдар мен «Алиса» смарт-бағанын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 1 миллион теңге болған.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қылмыс ізін суытпай ашылды. Күдікті ұсталып, ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Полиция тұрғындарға ескерту жасайды: көшу, жөндеу жұмыстары немесе үйге бөгде адамдар кіретін кез келген жағдайда сақтық шараларын қатаң сақтау қажет. Құнды заттарды алдын ала қауіпсіз жерге жасырып, оларды қараусыз қалдырмау ұсынылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: