Сейсенбі, 17 ақпан, 15:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Колледжде жаңа Конституция жобасы бойынша ашық диалог өтті

17.02.2026

47 0

Қоғам өмірінде ұстаздардың орны әрдайым ерекше. Елдің ертеңі – білімді ұрпақтың қолында болса, сол ұрпақты тәрбиелеу міндеті педагогтерге жүктеледі. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттің даму бағытын айқындайтын жаңа Конституция жобасын талқылауда білім саласы өкілдерінің пікірі маңызды рөл атқарады.

Бүгін республикалық және өңірлік коалиция өкілдері Мархабат Жайымбетов, Мақсұт Нәлібаев, Гүлшат Мұсаева, Айгүл Мұсабаева, Талғат Телеубаев,  Дәурен Сейтжанов және Маржан Бисенова Қызылорда жоғарғы көпсалалы колледжі ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының мазмұны, негізгі бағыттары және оның білім беру саласына қатысты нормаларын таныстырды. Қатысушыларға құжаттың әзірлену тәртібі, оған сарапшылар мен қоғам өкілдерінің қатысуы, сондай-ақ азаматтардың ұсыныстары ескерілгені туралы ақпарат берілді.

Коалиция мүшелері адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаты, білім алу құқығы, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері, билік тармақтарының өзара іс-қимылы және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері, сонымен қатар білім беру инфрақұрылымын дамыту, педагогтердің құқықтық және әлеуметтік мәртебесіне қатысты нормалар жөнінде нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Колледж қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Атап өтейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция өкілдерімен мұндай кездесулер барлық ұжымдарда жалғаспақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: