Сенбі, 21 желтоқсан, 21:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Коллекторлар өз мүддесін асыра пайдаланса жауапқа тартылуы мүмкін

18.05.2023

776 0

Коллекторлар өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Коллекторлық агенттік қызметкерлері өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әділет министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында осындай түзету көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасын Мәжіліс депутаттарына таныстырған вице-министр Алма Мұқанова мұндай түзетудің не үшін қажеттігін түсіндірді.

«Қылмыстық кодексте коллекторлық агенттік қызметкерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, қарыздарды өндіріп алудың заңсыз әдістерін қолданғаны, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны және т.б. үшін жауапкершілігін көздейтін арнайы бап жоқ.

Бұл ретте Қылмыстық кодекстің 214-ші және 223-баптары коллекторлардың тек тіркеусіз коллекторлық қызметпен айналысқаны үшін, сол сияқты егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасса, сондай-ақ коллекторлық қызметтің құпиясын жария еткені үшін ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

Өз кезегінде, коллекторлық агенттік қызметкерінің өз өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы және өзі немесе басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында пайдалануы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер ретінде бағалануы керек», – деді Алма Мұқанова.

Осы жайттарды ескерген министрлік мамандары мен заңгерлер коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және асыра пайдаланғаны үшін іс-әрекеттерін қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр.

«Бұл шара заңдық сауатсыздыққа байланысты коллекторлық агенттіктердің жосықсыз қызметкерлерінің қысымына және айла-шарғысына ұшырауы мүмкін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Әділет министрінің орынбасары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: