Республикалық референдумда дауыс беру аяқталды. Қызылорда облысында маңызды науқанда дауыс беруге келген азаматтардың белсенділігі жоғары болды. Сағат 20.00-ден кейін комиссия дауыстарды санау процесімен айналысуда. Заңға сәйкес олар дауыстарды 12 сағат ішінде санауға құқылы.
Облыс бойынша 492 524 азамат дауыс беру құқығына ие азаматтардың тізіміне енді. Олардың ішінде 2637 азамат алғаш рет дауыс беру мүмкіндігін алды. Сонымен бірге сағат 20.00-ге дейін 225 азамат есептен шығару куәлігі бойынша дауыс берген.
Дауыстарды санау процесін аккредиттеуден өткен байқаушылар бақылап отыр. Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін хаттама толтырылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
