Қазақстанда екінші деңгейлі коммерциялық банктер енді «тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне» (ТҮҚЖ) қатысуға рұқсат алды. Енді баспана алу мақсатындағы жинақ депозитін Отбасы банктен басқа банктерден ашуға болады. Осы мақсатта «Тұрғын үй құрылыс жинақтары» туралы заңға тиісті түзету енгізілген, – деп хабарлайды kursiv.media
Яғни «Отбасы банкі» ғана емес, өзге 22 банк те тұрғын үй салымдарын қабылдайды. Дегенмен коммерциялық банктердің клиенттері «Отбасы банкі» үлгісіндегі мемлекеттік сылықақыны ала алмайды. Яғни, салым жасаған қаражатқа 20% мөлшеріндегі мемлекеттік қосымша төлемды тек «Отбасы банкі» төлейді.
Қазіргі кезде «Отбасы банкі» салымшыларға жыл сайынғы премия ретінде ең көп дегенде 200 АЕК көлемінде сыйлықақы аударылады. Бұл төлем 2025 жыл үшін 157 280 теңгені құрайды.
Жаңа түзетулер тұрғындарға тұрғын үй жинақтау мүмкіндігін кеңейтіп, банктерге жаңа қызмет нарығын ашуы тиіс.
Екінші деңгейлі банктерге де тұрғын үй жинағы үшін есеп-шот ашуға рұқсат беру мәселесі 2023 жылы көтерілді. Сол кезде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтқан.
2025 жылы «Банктер және банк қызметі туралы» заң аясында коммерциялық банктерге енді жеке заңды тұлға құрмай-ақ, тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
