Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Конго-қырым геморрагиялық қызбасына қарсы күрес бойынша жиын өтті

24.07.2023

423 0

Облыстағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша тұрғындар арасындағы аурушаңдық көрсеткіші күрделі. Кей тұрғындардың сақтық шараларына әлі де салғырт қарауының салдары алаңдатады. Мал шаруашылығымен, далалық жұмыстармен айналысқанда қорғаныс киімдерін кимеу, санитариялық-гигиеналық ережелерді орындамау, ауру белгілері байқалса да өз бетімен емделіп, медициналық көмекке кеш жүгінудің соңы аурудың асқынуына, тіпті өлім жағдайларына дейін әкеп соқтыруда.Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары облыстық әкімдікте қаралды. Оған республикалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, ғылыми-практикалық мониторинг ұлттық орталығының облысқа арнайы келген мамандары мен өңірдегі санэпид қызмет саласының қызметкерлері, денсаулық сақтау мен ветеринария басқармалары өкілдері мен өзге де тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Жұмыс кеңесі барысында аса қауіпті аурудың аймақтағы эпидемиологиялық жағдайы айтылды, бірқатар проблемалық мәселелер көтерілді, заңнамалық негізде өзгертілуі тиіс сұрақтар талқыланды. Денсаулық сақтау басқармасы, ветеринариялық бақылау басқармасы мен төтенше жағдайлар департаменті өкілдері де құзыреті бойынша атқарылып жатқан шараларды түсіндірді. Облыс әкімі орынбасарының қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде аталған мәселенің күрделілігін ескеріп, күн тәртібінен түсірмей, бірлескен жұмыстар жоспары нақтыланды, бірқатар күшейтілуі тиіс шараларды белгілеп, нақты тапсырмалар берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: