Жұма, 05 қыркүйек, 12:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66, 2179
03.09.2025
PDF мұрағаты

Конституция күніндегі ерік-жігердің көрінісі

05.09.2025

49 0

Өткен аптада Конституция күніне орай ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтар арасында спорттық сайыс өтті.

Түрлі спорттан сынға түскен олар қарсыласты қапыда қалдыратындай мықтылығын көрсетуге қамданды. Гір тасын төзімділікпен көтеріп, турникке тартылуда топ жаруға тырысты. Білек күші бәсекеге түскен қол күрес пен волейболда да есепті еселетуге барын салғаны байқалды. Ал, ақыл-ойдың ойыны тоғызқұмалақ пен шаршы тақта шахматтың тартысында тосылып қалмағаны жеңіске деген талпыныстан.

– Конституция мерекесі – еліміздің заңдылық пен тәртіпке, бірлік пен өзара құрметке негізделген маңызды күні. Осы бағытта спорттық сайыс өткізу арқылы сотталғандардың дене дайындығын ғана шыңдамай, рухани дамуына да ден қойсақ дедік. Өйткені, жарыста ішкі күшке сену, топтағы бірлікті бекемдеу, ақыл мен жадыны жаттықтыру секілді қасиет көрініс табады. Бұл жауапкершілікті сезінуге, жігерді жасытпауға мүмкіндік береді, – дейді АКАӘПТЖББ-нің жасақ бастығы әділет сержанты Қанат Сақтағанов.

Тартысты өткен сайыста Қызылорда бокс клубы директорының орынбасары Шыңғысхан Алихан және мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов төрелік етті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы диплом мен Алғыс хаттар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: