Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Конституция күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?

19.08.2022

1123 0

30 тамызда елімізде Конституция күні атап өтіледі. Мерекеге орай қазақстандықтар тамыз айының соңында қатарынан үш күн демалады. Тиісті ақпарат «Электронды үкіметтің» ресми порталында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Биыл 30 тамыз, Конституция күні сейсенбіге сәйкес келеді. Қазақстандықтардың үш күн қатарынан демалуы үшін мереке алдындағы жұмыс аптасы ұзартылған. Яғни сенбі, 27 тамыздағы демалыс күні дүйсенбі, 29 тамызға ауыстырылды. Осылайша, қазақстандықтар мемлекеттік мерекеге орай 28 тамыз бен 30 тамыз аралығында демалады. Еске сала кетейік, еліміздің Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын. Бұл күні Қазақстанның барлық өңірі мен қаласында дәстүрлі түрде жаппай мерекелік іс-шаралар мен концерттер өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: