Осы тақырып аясында және жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру мақсатында сауда үйінің иелері, кәсіпкерлердің қатысуымен ақпараттық кездесу өтті.
Кездесуде жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні, олардың кәсіпкерлік қызметке ықпалы, сондай-ақ жаңа Салық кодексіндегі жаңашылдықтар мен жеңілдіктер кеңінен түсіндірілді.
Шараға сала мамандары қатысып, нақты мәліметтер ұсынып, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жаңа реформалардың тиімді іске асуына жол ашады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
