Жексенбі, 15 наурыз, 12:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Конституциялық Кеңеске ұсыныс енгізген М. Әбдіхамитұлы өз дауысын берді

15.03.2026

63 0

Фото: Дауыс беру учаскесі

Қазақстан Республикасының азаматы М.Әбдіхамитұлы Конституциялық кеңеске ұсыныс енгізіп, бұрынғы Конституция мәтініндегі «гимн» сөзін төл тілімізге жақын, ұлттық рухымызды айшықтайтын «Әнұран» атауымен алмастыруды ұсынды.

Конституциялық Кеңеске ұсыныс енгізген М. Әбдіхамитұлы өз дауысын берді


Бұл ұсыныс мемлекеттік рәміздердің елдің рухани тірегі әрі тәуелсіздіктің айқын белгісі екенін ескере отырып жасалды. Әрбір атау мен ұғым халқымыздың тарихи жадын, ұлттық болмысын және мемлекеттік мәртебесін айқындайтыны сөзсіз.
Бүгінгі өтіп жатқан референдум – ел болашағына қатысты аса маңызды шешім қабылданатын жауапты кезең. Мұндай тарихи сәтте әрбір азаматтың үн қосуы – мемлекет тағдырына деген жанашырлық пен ел ертеңіне сенімнің айқын көрінісі.
Әрбір қазақстандықтың дауыс беруге қатысуы – ел дамуына бейжай қарамай, Отан алдындағы азаматтық парызын терең сезінетінін көрсетеді. Қоғамда ашық пікір білдірудің, белсенді азаматтық ұстаным танытудың маңызы айтарлықтай артып келеді.
Әр берілген дауыс – тек жеке таңдау емес, ол – ортақ болашағын айқындайтын маңызды үлес болып табылады. Осындай бірліктің арқасында ел алға басып, тәуелсіз Қазақстанның келешегі одан әрі нығая түседі.

Конституциялық Кеңеске ұсыныс енгізген М. Әбдіхамитұлы өз дауысын берді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: