Бейсенбі, 05 ақпан, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім қалыптасты

05.02.2026

72 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Былтыр Қызылорда облысы үшін табысты жыл болды. Экономиканың дамуын айқындайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім қалыптасты. Өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында 300 млрд теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында баяндады.

Спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз конференциясында өңірдің 2025 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына кеңінен тоқталды.

«Біздің басты міндетіміз – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, сапалы медициналық көмек көрсету және тұрғындарға қолайлы өмір сүруге жағдай жасау. Алдағы үш жылда, яғни 2026-2029 жылдар аралығында, өңірде 48 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 10,3 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Биылдың өзінде 21 жобаны іске қосу көзделген. Оның ішінде агроөнеркәсіп кешеніне – 5, өнеркәсіп саласына – 6, қызмет көрсету саласына – 10 жоба тиесілі. Атап айтқанда, қуаттылығы 3,5 мың тонналық құс фабрикасы, 5,2 мың тонналық тауарлы сүт фермасы, «Pana» қонақ үйі, қағаз және картон өндіру кәсіпорны, сондай-ақ жалпы қуаттылығы 50 мегаватт болатын екі күн электр станциясы пайдалануға беріледі, – деді Данияр Еренғалиұлы.

Сонымен қатар, 14 ірі жобаның құрылысы басталмақ.

«Өткен жылы тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені мен «Rixos» қонақ үйінің құрылысы қолға алынды. Ал «Табиғи тас Қызылорда» серіктестігі жылына 1,1 млн тонна әк өндіретін зауытты биыл іске қоспақ. Жақын арада «Шалқия» кен-байыту фабрикасы мен «Seven Rivers» компаниясының шыны бөтелке шығаратын зауытының құрылысы басталады. Сондай-ақ, испандық «Roca Group» компаниясымен санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жөнінде инвестициялық келісімге қол қойылып, биыл құрылыс жұмыстары жүргізіледі, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: