Қазірде абайламасаңыз адамның аңғалдығын, сенгіштігін не қаржыға қиналғаннан кез келген нәрсеге баратынын пайдаланып кететін аса қауыпты адамдар бар. Олар адамның жеке басын алдап, қарыздандырып не борышкер етіп кететін алаяқтарданда қауіпті терорлық қылмысты жасағысы келетіндер. Сонымен қатар олар адамның қызығатын мүлкін ел көп шоғарланатын жерлерге қойып кетеді. Содан өте сақ болыңдар деген ҰҚК ТҚО бөлімі, ПД Эсктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, ПД «Арлан» ОЖВ қызметкерлері қаламыздағы үлкен сауда орындарының бірінде күзетшілер мен жауапты мамандарға сабақ өтті.
Түсіндірушілердің айтуынша жарылыс ұйымдастыру арқылы елді бопсалағысы келетін қылмыскерлер осал әрі ерекше қорғалатын аймақтарға неше түрлі заттар қойып кетуі мүмкін. Ол төрт бұрышты чемодан, музикалық аспап, үлкен қуаршақ не өзге де адам қызатын қарапайым зат болуы ғажап емес. Егер сондай күдікті зат егесіз жатса дереу күзет қызметіне, мекеме басшылығына және құзыорлы орындарға хабарлаңыз. Егер сіз күзет қызметкері не жауапты маман болсаңызда ғимарат ішіндегі адамдарды қауіпсіз жерге еш даурықпастан, сыбырлылықпен шығарыңыз.
Күдікті заттың қасында радио толқынды құрылғы қоспаңыз, телефонмен байланыспаңыз. Өйткені жарылғыш заттар родиотолқын арқылы да іске қосылады. Күдікті затты орнына көтерсеңіз де жарылуы мүмкін. Сондықтан дереу ол жерден адамдарды аулақтатыңыз.
Егер қылмыскер ғимаратты басып алса ешқашанда оларға қарсылық көрсетпеңіз, дегеніне көніп, айтқанын қылыңыз. Арна құтқарушы жасақ ғимаратқа кірген жағдайда да сабырлы болып, бір орныңызда тұрыңыз. Жасаққа қарай жүгірмеңіз.
Ғимарат сыртында қарулы адамның келе жатқанын көрсеңіз дереу күзетке хабарлаңыз, дабыл түймесін басыңыз, ғимарат есігін бекітіңіз. Бұл қылмыскерге біраз уақыт кедергі болады. Қылмыскер ғимарат ішінде оқ ата бастаса ол жаққа бармаңыз, қатты даурықпаңыз. Қосалқы есіктер арқылы қауіпсіз жерге тығылыңыз не қашып құтылыңыз. Құзырлы орынға хабарлағанда мекен жайды, адам санын, қаруы жайлы ақпарат беріңіз деп түсіндірді.
Жарылыстар қандай заттармен, қалай жасалатынын көрсеткен жасақ мамандары қандай уақыт болса да, қай жерде болса үнемі дайын жүру керектігін айтты. Сонымен қатар мұндай істі кімдердің, қалай, қандай жағдайда жасайтынын түсіндірді.
С. Алдашбаев,
Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы, РАТТ мүшесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!